Емтиханнан құлаған студент деканды пышақтады
Тәжікстан ішкі істер министрлігі Технология университетінде бір студенттің факультет деканына пышақпен шабуылдағанын хабарлады.
Оқиға 28 қаңтарда болған. Қарны жараланған декан Музаффар Имомназаров ауруханаға түсті, деп хабарлады министрлік.
Бұның алдында Технология университетіндегі дереккөз емтиханнан құлаған студенттің әкесін декан факультетке шақырғанын, сол кезде студент оны қорқытқанын хабарлаған.
Имомназаровқа екі ота жасалған. Олар тоғыз сағатқа созылған. Факультеттегілердің айтуынша, декан өміріне қауіп жоқ.
Пышақпен шабуылдаған студенттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауда отыр. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Тәжікстан ІІМ.