«Емші мен тәуіптерге»: Қазақстандық жұлдыздар тылсым күштің барына сенетінін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
73

Жұлдыздар арасында тылсым күштің артын бағып, екінші дүниенің барына сенетіндер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі HIT TV арнасына сілтеме жасап.

емші

Соңғы үмітін соларға арқалап, тәуіп балгерлерге сенетін жұлдыздардың қандай іспен жүгінетіні белгісіз. Болашақты болжап, бал ашатындарға бірі амалсыздан бардым десе, енді бірі өз шешімі бойынша жолым түсті дейді.

Мәлім де, беймәлім тылсым күштің құдіретіне сенетін жұлдыздардың қатарында актриса Шынар Асқарова бар. Алайда, ол сәуегей балгерлердің қабілетіне емес, түс арқылы берілетін аянға сенеді. Өзі де мұндай жағдайдың талай куәгері болғанын айтады.

«Мен түстің аян беретініне сенемін. Оған қоса, Құранның аяттарымен қари кісілер ұшықтап жатады ғой. Ол да орынды, әсіресе кішкентай балалар ауырғанда кейде аластап, ұшықтатып жіберуге болады. Дегенмен, өзімнің қателіктеріме бола бақсы-балгерге жүгініп көрген емеспін. Бәрі Алланың қолында. Өлімнен өзгесін шешуге болады», – дейді Шынар Асқарова.

Ал Дулыға Ақмолда тәуіптің есігін қаққан кездерін жоққа шығармайды. Тіпті сәуегейдің айтқан сөздеріне бірде жағасын ұстап, бірде тоқтамай күлгені де бар екен. Өнер иесі сәуегейлерден бойын аулақ ұстайтынын жеткізді.

«Жоқ ол кісілерге жолым түскен кезім болған жоқ. Құдай жолымды түсірмесін. Балшы мен көріпкелге көп сене бермеймін. Бірақ тәуіптердің алдында болғанмын. Мен ол жерге үлкен құштарлықпен барған жоқпын. Бірақ, емшілер мен тәуіптердің алдында болғаным жасырын емес. Таңқалып қайтқаным да рас», – деп ағынан жарылды Дулыға Ақмолда.

Ал Салтанат Құдайбергенованың отбасында өз сәуегейі бар. Ондай қасиет әпкесіне қоныпты. Сәйкесінше бұрымдыға жол сілтеп отыратын да сол адам екен. Әнші екі дүниенің барына сенетінін айтты.

«Екі дүниенің барына сенемін. Бірақ оған қатты кіріп кетудің де қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі, сенген сайын артыңнан қалмайды», – дейді әнші.

stan.kz