Home Жаңалықтар «Ең алдымен Аллаға шүкір етем». Емші бала Ерболсын шаңырақ көтерді

«Ең алдымен Аллаға шүкір етем». Емші бала Ерболсын шаңырақ көтерді

0
427
Сурет: instagram.com/erbolsyn_serikbaev/

Қызылордалық емші бала Ерболсын Серікбай ақ құсын қолына қондырып, шаңырақ көтерді.

Ол осы күнге дейін отбасын құруға дайындалып жүргенін, жастарға арналған тойының шетелде болатынын айтқан еді.

“Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин”, – деп жазды Ерболсын парақшасында.

Емші бала қалыңдығымен бірге түскен суретін жарялады.

Көпшілік ақ батасын айтып, құтты болсын десті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Erbolsyn Serikbaev (@erbolsyn_serikbaev)

“Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын”, “Шаңырақтарын құтты болсын”, “Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын”, “Өмірлерің ұзақ, бақыт сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын, “Өмірлік қадамың құтты болсын”, – деп жазды көпшілік. 

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету