Ем алып жүрген: Ақтөбеде полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Ақтөбеде 26 наурыз күні полиция қызметкерінің денесі өз үйінде табылды. Қызметкердің қайтыс болу себептері әлі анықталмаған.
Бұл қайғылы оқиға әлеуметтік желілерде таралып, қызметкердің Алтын Орда ауданында достарымен бірге тұратыны белгілі болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті қызметкердің өлімін растады.
«Полиция қызметкерінің мәйіті тұрғылықты мекенжайында табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол операциядан кейін емделіп жүрген», деп хабарлады облыстық ПД.
фото: baigenews.kz