Елжан Біртанов Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2019 жылды қалай қарсы алатынын айтып берді.

«Жаңа жылда біз үйде боламыз. Бұның себебі, бірінші қаңтардан бастап медициналық қызмет, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бәрін бақылау үшін біз елде боламыз. Елде, өз үйімде, балаларыммен қарсы аламын», — деді Біртанов Үкімет кулуарында берген сұхбатында.

Министр Денсаулық сақтау министрлігі жаңажылдық кеш ұйымдастыратынын да айтты.

«Мен елдегі барша әріптестерімді – дәрігерлерді, түрлі деңгейдегі медициналық қызметкерлерді, медбикелерді, зертханашыларды, әкімшілік бөлімдерде жұмыс істейтін қызметкерлерді, яғни қаржыгерлер, ІТ мамандар мен заңгерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келеді. Себебі бұл мамандардың бірлескен жұмысы әр адамның күнделікті проблемаларын шешуге бағытталған. Қазір адамдарды медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мазалайтыны рас. Адам емхана не ауруханаға келіп, сапалы қызмет алғысы келеді. Сондықтан мен өз әріптестеріме өз ісіне деген ықылас пен табандылықты тілеймін. Әр медициналық қызметкердің міндеті және арманы – пациентті сапалы түрде емдеу. Басқа міндет жоқ. Ал бұған медициналық қызметкердің жету жолы, күрделі шешімдерді қабылдауы, түрлі жағдайларда жұмыс істеуі — басқа мәселе. Бұны адамдар әрдайым дұрыс түсініп, дұрыс бағалай бермейді. Әрине, осындай жағдайда қандай да бір түсініспеушілік, жанжалдар болады. Біз барлығымыз бір мақсат үшін – азаматтарымыздың, балаларымыздың, қарттарымыздың денсаулығы үшін жұмыс істейміз. Мен өз әріптестеріме шыдамдылық, табандылық пен әрине мықты денсаулық тілеймін. Өздерін, денсаулықтарын ұмытып кетпесін», — деп тіледі Елжан Біртанов.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ