Елші Бородавкин ынтымақтастықтың басты бағыттарын атады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Дипломат Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей екі жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын қалай сақтап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша– Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстан-ға сұқбат беріп, екі ел ынтымақтастығының жетістіктері және байланысты одан әрі дамыту жоспары жайлы айтып берді.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин

– Бүгін Омбыда «Шекара бойындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Оған алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Сіз шекара маңындағы екі жақты ынтымақтастықтың қандай аспектілеріне басымдық берер едіңіз?

– Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы мемлекет басшылар деңгейінде бірге атқарылған бір жылдық жұмыстың қорытындысын шығаруға арналған дәстүрлі алаңға айналды. Шынымен де, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шараға алғаш рет қатысады. Дегенмен, оның форум дәстүрін жалғастыратынына еш күмән жоқ. Мәселен, конструктивті диалог, өзекті мәселелерді жедел шешу, өзара тиімді одақтастық қатынас және ықпалдастық әріптестіктің векторы мен перспективті бағыттарын анықтау бойынша жұмыс атқаратынына сенімдімін.

Тағы оқыңыз: Омбы форумының алғашқы күні қалай өтті?

Өздеріңіз білетіндей, шара барысында шекара бойындағы ынтымақтастықтың Қазақстан-Ресей бағдарламасының тұжырымдамасын таныстыру жоспарланып отыр. Бұл құжат сауда көлемін арттырып, мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға негіз болмақ. Бұған қоса, екі елдің көршілес аймақтарының бірлескен, кешенді және үйлестірілген әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын бермек.

– Екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастық тұрғысынан 2019 жылғы қандай ең маңызды бес жетістікті атар едіңіз?

– Қазақстан — Ресейдің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Биыл біздің елдер ықпалдастық байланысты нығайту үшін көп жұмыс атқарды. Бұл өз нәтижесін берді: сауда айналымы өсіп барады, бірлескен жобалар жүзеге асуда, сауда операциялары бойынша өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесі артып келеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды

Статистикалық мәліметке сүйенсек, әлем экономикасының алдында тұрған қауіп-қатерге қарамастан Қазақстан мен Ресейге екі жақты ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтап қалып отыр.



sputniknews.kz