Елорданың қақ ортасында мас жүргізуші жол апатына себепкер болды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық ПД мәлімдеді.
Ішімдікке тойып алып көлік айдаған азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Оқиға 30 мамыр күні сағат 23:10 шамасында орын алған.
«33 жастағы KIA маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика даңғылы келе жатқан. Мас азамат 36 жастағы жүргізуші юбасқарып келе жатқан Toyota көлігіне соқтығысқан», — делінген ресми хабарламада.
Мас жүргізуші 20 тәулікке абақтыға жабылып, жеті жылға көлікті аудау құқығынан айырылған.
Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпепті. Кінәлі азаматтың көлігі айыппұл тұрағына жөнелтілген.
stan.kz