Елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

0

«Астанаға тарту» аталған байқаудың басты мақсаты–бас қаланың жетістігін саралап, поэзияға қалам тербеп жүрген жас дарындарды анықтау. «Астана – жастардың жүрегінде», «Астана – жиырмадағы жас қала», «Еркін тақырып» аталымдары бойынша 400-ге жуық қатысушыдан өлең келіп түскен. Байқауға қазылық еткен ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҚР Республикалық ұлан қолбасшысы Абай Тасболатовтардың шешімімен 30 үздік ақын іріктеліп, өлеңдері жинақ болып басылып шықты.

Сондай-ақ, байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен және «Астана қаласы Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Олар:

                            І орын:

Дания Сәтбекқызы (Шығыс Қазақстан)

                            ІІ орын:

 Оразай Жеңісұлы (Өскемен);

Абай Ораз (Қарағанды)

                            ІІІ орын:

Медет Божан (Шығыс Қазақстан);

Айгерім Кукеева (Қызылорда);

Ақылжан Нағашыбай (Қостанай);

                  Ынталандыру сыйлығы:

 Шуақ Нөсерханұлы (Шығыс Қазақстан);

Құрбанкүл Ағабек (Оңтүстік Қазақстан);

Жәнібек Салқынбек (Түркістан);

Еркеназ Қалижан (Атырау).

Жас ақындарға арналған кеш соңы эстрада әншілері Досымжан Таңатаров, Қанат Айтбаев, Рүстем Жүгінісовтердің концертімен жалғасты.

Әсем ҚҰЛМАНОВА