Елордалық жігіт Ақмола облысында суға батып кетті

0
35

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

13 мамыр күні бір топ жас Нұра өзеніне шомылуға барған, олардың бірін өзен ағысы ағызып алып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Бір күн бұрын Нұра өзеніне батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 мамыр Ақмола облысы Қорғалжын ауданының полиция бөліміне жас жігіттің Сабынды ауылынан 8 шақырымдағы Нұра өзеніне батып кеткені туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері мен полицейлер бірден оқиға орнына аттанды.

Белгілі болғандай, бір топ жас – бес адам Сабынды ауылынан шомылуға шыққан. Жастар өзеннің шомылуға рұқсат етілмеген тұсында суға түскен.

«18 жастағы жігітті өзен ағысы ағызып алып кетті. ТЖ департаментінің сүңгуірлері кешеден бері іздеу жұмыстарын жүргізді. Іздеуге таңғы 7.30-да кіріскен, он төрт минуттан соң жігіттің мәйітін жағаға шығарды», – деді Ақмола облысы ТЖ департаментінің басщысы Алексей Советов.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Ер адамның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Полиция департаментінің ақпаратынша, марқұм Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Облыстың бас құтқарушысы тұрғындардан шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінді.

«Суға шомылуға әлі ерте. Ауа температурасы жоғары болғанмен, өзен суы әлі суық. Бұл қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін: дене құрысып, жүрек тоқтап қалып жатады. Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіздер», – деді ол.

Облыстың төтенше жағдай департаменті қала және аудан әкімдіктерімен бірге шомылуға рұқсат етілген орындарды ашу мәселесін пысықтап жатыр.



sputniknews.kz