Елордалық таңдаулы тұрғын үй өрттен кейін қандай күйге түсті  – фотодерек

0

Sputnik Қазақстанның фототілшісі Нұр-Сұлтандағы «Британ орамы» элиталық тұрғын үй кешенінің қазіргі көрінісін суретке түсірді 

Жалыннан шатыр мен ғимараттың мансарда қабатындағы бірнеше пәтерге қатты зақым келген.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Өрттен шатыр мен ғимараттың мансарда қабатындағы бірнеше пәтерге қатты зақым келген

Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиға орнында «жедел жәрдем» мен өрт сөндірушілер жүр.  


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Төтенше жағдай орнында «жедел жәрдем» кезекшілік жасап жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке шатырда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған. Қызыл жалын 600 шаршы метрге шарпыған. Оны сөндіруге үш сағаттан астам уақыт кеткені хабарланды.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Өртті 3 сағаттан астам уақыт сөндірді

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтер иелері қонақүйлерге орналастырылды, одан әрі олар жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй кешені ретке келтірілгенше сонда тұрады.  


©
Sputnik / Абзал Калиев.

«Британ орамы» таңдаулы тұрғын үй кешені өрттен кейін осындай күйге түскен



sputniknews.kz