Елордалық қыз балалық шағын анасының салғырттығы кесірінен есірткі притондарында өткізген – Қазақстан жаңалықтары

0
48

13 жастағы елордалық жеткіншек балалық шағын есірткі притондарында өткізген. Бұл туралы оның туысы айтып берді. Сөзінше, қыздың нашақор анасы оны мектепке алып барудың орнына өзімен бірге есірткі сататын орындарға тасып жүрген. Ал өткен жылы көктемде әйел көз жұмыпты. Енді қызды оның туыс әпкесі өз қамқорлығына алыпты. Десек те қазіргі уақытта ол қамқоршы туралы анықтама ала алмай отыр екен, себебі қыздың мүлдем құжаты жоқ көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Ирина Ступина есімді оқушы қыздың өмірі енді түзеліп келе жатыр екен. Бірақ оның өмірінің көп бөлігі есірткі притондарын кезумен өтіпті. Қыздың анасы баласына тәрбиесіне салғырттықпен қарап, тоғыз жасында ғана мектепке жіберген. Енді нашақор әйел қайтыс болғаннан кейін жеткіншектің туысы қамқоршы болайын десе қолынан келмей отыр. Себебі қыздың бірде-бір құжаты жоқ.

«Қыздың дамуында ауытқушылықтар бар. Әлі кішкентай бала секілді. Өзінің ойын дұрыс жеткізе алмайды. Менің бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Барлық жақта айтатындары: «сіз кімсіз, сіздердің тектеріңіз әртүрлі». Енді мен не істеймін, баланың құжаты жоқ болса?», -дейді қыздың туыс әпкесі Снежана Олейникова.

4 сынапта оқып жүрген қыз қатарластарына әрең ілесіп жүрген көрінеді. Қосымша сабаққа қатыстыруға отбасының жағдайы келмейді. Тіпті балаға төленетін көмекке қол жеткізудің өзі қиынға соғып отыр екен. Құжаттардың жетіспеушілігі тағы бар.

«Кейбір адамдардың білімі төмен, сол себепті оларға көмек керек. Мектептер мұндай балаларды алудан бас тартпауы тиіс. Біз өз кезегімізде, қолымыздан келгенннің барлығын жасайтын боламыз», – «Қорғау – Астана» қоғамдық қорының төрайымы Анна Рыль.

Нұр-Сұлтан қаласының өзінде осыған ұқсас 60 жағдай жыл сайын тіркеледі екен. Егер дер кезінде оларға көмек көрсетілмесе, өскен соң балалардың кейбіреулері құлдыққа түсіп жатады.

«Жағдай өте қиын. Қосымша тексеріс жүргізу керек. Жиналатын құжаттар саны көп. Ол үшін автобиография, түсініктеме хаты, аттестат, тіркеу туралы анықтама керек», – деді елордалық миграция қызметі басқармасының бас маманы Қарлығаш Рахимбекова.

Десек те құжатты алғаннан кейін де ата-аналардың баласының тәрбиесіне көңіл бөлуі екіталай. Ал нашақорлар мен маскүнемдердің ортасында өскен балалардың алдағы уақытта қоғамға сіңіп кетуі қиынға түсіп жатады.

«Егер бала уақытылы тәрбие көріп, бір нәрсеге қызығып өспесе, оның алдағы уақытта дұрыс дамуы қиынға соғады. Баланың психикасына да зақым келеді», – дейді психолог Дмитрий Агапов.

Қазір бірте-бірте Ирина әпкесімен бірге дұрыс сөйлеуді үйреніп жүрген көрінеді. Бос уақыттарында әңгімелесіп, сыртқа шығып серуендейді екен. Әпкесі қыз бала болашақта қоғамға бейімделіп кетеді деген үмітін жоғалпайды.

stan.kz