Елордалық екі полицейдің есірткі қылмысымен айналысқаны анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
86

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатумен айналысқан полиция қызметкерлеріне сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық екі полицейдің есірткі қылмысымен айналысқаны анықталды

«2018 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантуриннің және тергеу басқармасының тергеушісі М.Әзімханның (салмағы 658 грамм) есірткі сатумен айналысқан заңсыз іс-әрекеті және лауазымын асыра пайдаланғанын анықтады. Қылмыстың жолы кесілді», – деп жазылған хабарламада.

2019 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен М. Кантурин және М.Әзімхан ҚР Қылмыстық кодексі бойынша айыпты деп танылды. Олар 10 жылға және 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруы құқығынан айырылды. Жазасын қатаң және орта тәртіптегі мекемеде өтейді.

stan.kz