Елордалық дүкенде нанның ішінен мақта шықты

0
172

Нанның ішінен мақта шықты. Бұл оқиға Елордада тіркелді. «Галмарт» супермаркетінен ас атасын сатып алған қала тұрғыны мұндай «тосый сыйға» дайын болмадым деп отыр. Ал сауда орталығының өкілдері бұл ақпаратты естіп, таңырқағанын жасырмады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ажар отбасымен супермаркетке барып тауар алып қайтқан. Сауда жасағаны туралы электронды түбіртегі қолында. Әлеуметтік желіден, теледидардан азық-түлік ішінен түрлі дүние шыққанда мән бермейтін ол, өзі сондай жағдай тап боламын деп ойламаған екен.

АЖАР САЯТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Негізі ол нанның жартысын жеп алдық осы уақытқа дейін. Қалған жартысы қалғанда сенбі күні турағанда байқап қалдым. Мақта сияқты бір нәрсе шығып жатты. Тағы әрі қарай турасам үлкен мақта болып шықты. Шошып кеттік оның негізі».

«Голмарт» супермаркет желісінің өкілдері болса, «мұндай фактіні естіп қатты таңқалдық» деп отыр. Болар іс болды, енді мақтаның нанның ішіне қалай түскенін анықтамақ.

АСЫЛБЕК МАХУМДОЛДА, «GALMART» СУПЕРМАРКЕТТЕР ЖЕЛІСІНІҢ БӨЛІМ ДИРЕКТОРЫ:
«Өзімізде шығатын өнімдердің жасалу технологиясы бойынша бізде жоғары деңгейде тексерулер, бақылау өтеді. Себебі, бізде жеке санитарлы врач бар, білікті мамандар жұмыс істейді. Әрине өкінішті мұндай жағдай болғаны. Бұл сұрақ бойынша біз қазіргі уақытта тексерулер жүргізіп жатырмыз. Кім? Қалай болғаны жағдайында».

СӘУЛЕ ШЫНБАЕВА, «GALMART» СУПЕРМАРКЕТТЕР ЖЕЛІСІНІҢ САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:
«Бұл факт бойынша тексеріс басталып кетті. Расымен ондай қателік жіберілді ме, жоқ па анықтаймыз және қатаң шараларды қолға алатын боламыз. Біздің дүкенде мұндай жағдай бірінші рет тіркелді. Өзіміз ұқпай қалдық».

Ара-тұра дүкендердің сөрелеріндегі өнімдердің құрамынан түрлі заттардың табылып жатқанын көріп-біліп жүрміз. «Осындай жайттардың алдын алу үшін қандай жұмыстар жасалады?» деген сұрақты санитарлық комитеттің басшылығына қойдық. Жандарбек Бекшин «Сіздер арам пиғылға толы бәсекенің белгісіне алданбаңыздар» дейді. Ол кісі мұндайдың талайын көрген екен.

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Айтып жатқан адам анау затты көрсетеді. Ол сол ма, ол емес пе, Құдай біледі. Екінші қолын ғана көрсетеді, бетін көрсетпейді, аты-жөнін айтпайды, елді мекен, адресін айтпайды. Сондықтан саудагерлердің арасында да өздеріңіз білесіздер бәсекелестік бар. Осындай қара бәсекелестіктердің белгілері тіркеліп жатыр».

Бекшин мырза зардап шеккен тұрғын аты-жөнін, ештеңені жасырып отырған жоқ. Біздің телеарнаға ашық сұхбат берді.  Сондықтан, барлық шағымға «жалған ақпарат, қара бәсекелестік» деп айдар таға бермей,  іске кірісіп мән-жайды анықтаған дұрыс болар.