Елордалық белгілі адвокат кісі өлтірді деген күдікке ілінді — Қазақстан жаңалықтары
Елордалық адвокат Құмар Бердалин кісі өлтірді деген күдікке ілініп, екі айға қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтанның ПД мәлім етті.
Заңгердің үстінен қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлімі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», — делінген ресми хабарламада.
Қазір Бердалин екі айға абақтыға жабылыпты.
Атап кетерлік жайт, Бердалин бұған дейін бас әскери прокурордың кеңесшісі, әділет полковнигі болған.
stan.kz