елордаға газ тарту қалай жүріп жатыр
2019 жылдың қазан айында «Сарыарқа» газ құбырының Нұр-Cұлтан қаласына дейінгі алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Sputnik Қазақстан инфографикасынан осы маңызды жобаның негізгі кезеңдерін көре аласыздар
Магистралды газ құбыры Қызылордадан Нұр-Сұлтанға тартылды. Енді жергілікті әкімдіктер елді мекендерге газ тартуды бастайды.
Қазақстанның астанасы 2023 жылға дейін толығымен газға көшеді.
Жобаның екінші кезеңінде Нұр-Сұлтан-Көкшетау аумағындағы газ құбырының құрылысы аяқталады, үшінші кезеңде көгілдір отыр Петропавлға тартылады.
«Сарыарқаға» газ Бейнеу — Бозой – Шымкент газ құбыры арқылы жеткізіледі.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген мамандар астанада әрбір үйдің газ желісіне қосылудың әділ бағасы жайында айтқан болатын.
sputniknews.kz