Елордадағы жолдар сусабынмен жуыла бастады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтандағы жолдар сусабынмен жуыла бастады. Бұл туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтандағы жолдар сусабынмен жуыла бастады

«Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», — деп жазады Бақыт Сұлтанов Facebook желісінде. 

Өз сөзінде қала басшысы коммуналдық қызметтердің аталған сусабынды қолдануы жолдың сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол сусабын  қоршаған ортаға зиянсыз. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтердің алдында көптеген жұмыстар бар, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатын болады», — дейді елорда әкімі.

stan.kz