Home Жаңалықтар Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

0
435

Елордалық өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, жалн шарпыған аумақ 7000 мың шаршы метрге жеткен. Естеріңізге салсақ, бүгін, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09. 42-де 600000000051өрт сөндіру бөлімшелері Әл-Фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шұғыл аттанған болатын», – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің күштері мен құралдары – 105 адам 26 бірлік техника, коммуналдық қызметтің 8 машинасы жұмылдырылды.
«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимарат ішінде қалған 23 жастағы қыз 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Оның 18Универсал» жиһаз цехының қызметкері екені анықталды. Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа ауыр дәрежеде», – делінген департаменттің мәліметінде.
Еске салсақ, бүгін таңертең Елордадағы «Астықжан» сау орталығының жиһаз салонынан өрт шықты.621111111