Елордадағы №1 автобус паркі карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталып, сол себепті автобус бекеті карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автопарк

Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өткізіліпті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде.

Атап кетерлік жайт, 2020 жылдың 27 наурызынан бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салыныпты. Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалып, қолма — қол ақша төлеуге шектеу қойылған. 

Сондай-ақ 26 наурыздан бастап автобустар кешкі сағат 19.00-ге дейін ғана жүретінін ескеріп өткен жөн. 28 наурыздан бастап карантиндік аймақта орналасқан барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Атап айтсақ, Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, «Нұрлы» саяжай кенттеріне жүретін № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326 маршрутты автобустары. 

stan.kz