Елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты парад болмайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

парад

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты  елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды. Дегенмен шағын және орта бизнес жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек екенін атап айтты. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмыс істей береді», — деп жазыпты бас хатшы. 

Бұған қоса ол президенттің коронавирус пандемиясы жөніндегі мәселені жіті бақылауда ұстап отырғанын айтып кетті.

«Өздеріңізге белгілі, бүгін президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен шұғыл кеңес өткізді. Жағдай мемлекет басшысының ұдайы бақылауында», — деп қосты Берік Уәли.

Еске салайық, Тоқаев бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салғаны жайлы айтылған еді. 

stan.kz