Елордада жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

0
1240

Біреуі қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 қазан күні сағат 13.33 шамасында Нұр-Сұлтандағы «Артем» базарының жанында орын алған.

«22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен келе жатып, қарсы бағытқа шығып, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін инерция бойынша «Лада» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу процесі басталды.