Елордада ҰБТ тапсыру кейінге шегерілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары тапсыратын ҰБТ мен басқа да емтихандар уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Елімізде ҰБТ электронды форматқа ауысады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.

«Биылғы оқу жылында 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулда», — деп мәлімдеді Шолпан Қадырова.

Бұған қоса мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиадалар, байқаулар мен түрлі спорттық сайыстар да кейінге қалдырылғанын атап өтті. 

«ҰБТ уақыты да кейінге шегеріледі. Өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз. Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Каникул кезінде мектептегі әкімшілік, техникалық жұмысшылар кесте бойынша жұмыс істейді, ал қалған педагогтар қашықтықтан жұмыс істеулеріне болады. Қаладағы мектептер интернетке толық қосылған, қазіргі уақытта біз «Күнделік» жүйесі бойынша жұмыс істейміз», — деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін президент бұйрығымен барлық мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 

 

stan.kz