Елордада тұрмысы төмен отбасыларға 50 азық-түлік себеті жеткізілді
Тұрмысы төмен және мүгедек жандарды бағып отырған отбасыларға азық-түлік қана емес, гигиеналық құралдар да жеткізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Күн сайын шамамен 20-30 мекен-жайға бару жоспарланады. Біз мұқтаждарға азық-түлік қана емес, гигиеналық құралдар – дымқыл майлықтар, маскалар мен антисептиктер де жеткізіп береміз», — дейді ерікті Әл-Фараби Аймақ.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек жандарды бағып отырған отбасыларға 50 себет жеткізілгенін атап өтті. Азық-түлік себеттері демеушілер көмегімен дайындалған.
Алматыда көпбалалы отбасылар компьютермен қамтамасыз етіледі
«Біз біргеміз» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Біздің еріктілер карантин кезінде барлық сақтық шарасын сақтай отырып (үйге кірмей, себеттерді үй сыртында қалдыра отырып), азық-түлік себеттерін жеткізу шараларын жалғастырады», — дейді Дәурен Бабамұратов.
Елорда тұрғындары қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
sputniknews.kz