Елордада Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы басталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан аса ұстаз келді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тамыз конференциясы жаңа 2019-2020 оқу жылының қарсаңында өткізіліп отыр. Тәуелсіздік сарайына барлық өңірден мектеп мұғалімдері, колледжер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі биылғы жыл ата-аналар үшін несімен ерекше екенін айтты 

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, конференция аясында білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалімен, сондай-ақ Қазақстан президентінің Алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.
Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылындағы басты жаңалық – «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы және 2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту.



sputniknews.kz