Елордада «Қамқорлық мекенжайы» акциясы өтіп жатыр
Астана, BAQ.KZ. Астанада «Қамқорлық мекенжайы» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көбісі ауласындағы қарды тазалай алмайды. Осы мәселені шешу үшін «Астана жастары» ресурстық орталығы «Қамқорлық мекен-жайы» жобасын әзірледі.
Ол қала тұрғындарының мұқтаждарға тұрмыстық көмек көрсету мақсатында әзірленді.
«Біз көмекке мұқтаж жалғызбасты қарт адамдардың тізімі бар. Мысалы, көктемде сенбіліктерді ұйымдастырып, картопты егіп береміз. Жыл бойы оларға азық-түліктерін апарып, үйлерін жинап береміз. Біз мұны әр сенбі сайын жүйелі түрде істейміз. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін бізге Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынды. Біз сол тізім бойынша қарияларға қоңырау шалып, келетімізді алдын ала ескертіп қоямыз», — деді «Астана жастары» орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.
Олар осы аптада кезекті мекен-жайға барды.
«Біз Ұлы Отан соғысының ардагерінің үйіне барған кезде кеудемді мақтаныш кернейді. Біз батырларды тірідей көру бақытына ие болған соңғы ұрпақпыз», — деп қосты Ү. Нұрпейісов.
«Қамқорлық мекен-жайы» жобасы 2014 жылы іске қосылған. Бүгінге дейін жобаға 700-ден астам астаналық жасөспірім қатысты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ