Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

0
100

Полиция мәліметінше, құрдасын жаралаған жасөспірімнің өзі де зардап шеккен. Жанжал себептері айтылған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен.

Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында болыпты.

«Төбелес болған. Жасөспірімдердің бірі бәкі алып шығып, сыныптасын жарақаттаған. Бұған қоса, абайсызда өз қолын кесіп алған», – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларын оқиға куәгері шақырған. Одан кейін оқушыларға медициналық көмек көрсетілген.

Құқық қорғау органдары қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы бүкіл елді дүрліктірген оқиғалар – видео

Оған сәйкес, кінәлі адамға екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (1 АЕК – 2651 теңге) айыппұл салу немесе түзеу жұмыстарына тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



sputniknews.kz