Елордада күйеуі өртеп жіберген әйелдің енесі оқиғаның қалай болғанын айтты

0
48

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сотталушының анасы марқұм тоғыз ай бойы балалардан бір хабар алмағанын мәлім етті. Баласы келінін үйге алып келейін деп барса, әке-шешесі жібермей қойыпты

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Елордада күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйел бала-шағасынан бас тартқан. Бұл туралы сотталушының анасы айтты. Оның сөзіне қарағанда, баласының қатігез әрекетке баруына осы жайт себеп болған көрінеді.

«Мен баладан да, күйеуімнен де бас тартамын, бармаймын»  деді. Соңы осылай болды. Ауылдың бәрі біледі. Мен алты баланы бағып отырдым. Келін балалардан тоғыз ай бойы бір хабар алмады», – деді сотталушы Сапарбек Өмірбековтің анасы Жадыра Төлемісова.

Оның айтуынша, баласы үйге алып келейін деп келіннің артынан барса, не өзі қайтпай, әке-шешесі де жібермей қойыпты. Содан қатты күйзелген көрінеді. Ал марқұм әйелдің шешесі қызы тұрмысқа шыққаннан бері таяқтан көз ашпағанын айтады. Тіпті бір рет қылқындырып өлтірмекші болған, деп хабарлады КТК.

«Қызымды қалай өртеді, солай өртесін»: Қаратаудағы трагедияның мән-жайы анықталды

Еске сала кетейік, оқиға былтыр 6 қазанда болған. Денесін күйік шалып, ауыр хәлде жол бойында жатқан әйелді сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Бірақ сол күйіктен ақыры жан тапсырды. Ал 43 жастағы күйеуі енді 15 жыл арқалауы мүмкін.

Түркістан облысы Мақталы ауылының тұрғындары елордаға былтыр ғана келіп, нәпақасын таба бастаған беті екен.

«Бұндай жанжал көп болып тұрды. Ол көп таяқ жеп, үйге барды. Бірақ бала туған сайын отбасы болып кет, балаларың жетім болмасын деп әкесі қайтарып отырды. Тойда отырған жерімде үлкен балам келді де: Апа, астанадан қоңырау соғып жатыр, Салтанатты жағып жіберіпті деді», – дейді марқұм Қ. Урзабекованың анасы Дәмегүл Качеганова.



sputniknews.kz