Елордада IRONMAN фестивалі тартысты өтуде

0
81

Елордада өтіп жатқан триатлонға әлемнің 56 елінен 1700-ден астам атлет қатысып жатыр. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жарыстың мұндай ауқымы триатлонның елімізде танымалдығының айғағы екенін айтты деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

«Жасалған жағдайлар, барынша қолайлы ауа райы мен мінсіз трасса жарысты сәтті өткізудің кепіліне айналарына, ал қазақстандық қонақжайлылық атмосферасы көптеген қатысушыларды елімізге қайта оралуға ықпал етеріне сенімдімін. Қазақстандық Дина Шаймерденованың IRONMAN 70.3 ASTANA финалистерінің қатарына кіргені қуантады, оның нәтижесі — 4 сағат 36 минут», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Қазақстандық қатысушылар арасында танымал Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіби триатлоншы Екатерина Шатная, «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков және «Алматы Марафон» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева және басқалары бар.

Осылайша, Люксембургтен келген Godard Olivier ерлер арасында Темір қашықтықтың «жартысын» еңсеріп (3 сағат 59 минут) бірінші келді, екінші болып ресейлік Богдан Коваленко (4 сағат), үшінші болып Алексей Никулин (4 сағат 10 минут) мәреге жетті.

Әйелдер арасында мәреге бірінші болып түркиялық спортшы қыз – Sayar Sera (4 сағат 35 мин), екінші – ресейлік Инна Цыганок-Тутукина (4 сағат 36 мин), үшінші – Дина Шаймерденова жеткен.

Бірнеше сағаттан кейін әр жас тобының жеңімпаздары анықталады. Шара соңында олардың қайсысы келесі жылы Финляндияның Лахти қаласына — IRONMAN 70.3 чемпионатына баратыны белгілі болады.

Қазіргі уақытта толық қашықтыққа қатысушылар арасында жарыс жалғасуда.