Елордада дөнерхана өртенді – видео  

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ  

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тағы бір ірі өрт болды.  

Бүгін сағат 17:39-де құтқарушыларға Қосшығұлұлы көшесіндегі дөнерхана өртенгені туралы ақпарат түсті, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Жалын 70 шаршы метр аумаққа шарпыған

Өрт сағат 17:58-де ауыздықталып, 18:02-де сөндірілді. Жалын 70 шаршы метр аумаққа шарпығаны хабарланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Өрттің себебі анықталып жатыр

Өртті сөндіруге он адам мен екі техника жұмылдырылды.

Дөнерхана елорданың оң жағалауында халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан.



sputniknews.kz