елордада автобус тепловозбен соқтығысты – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елордада № 53 жолаушылар автобусы тепловозбен соқтығысты, видео дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде жарияланды

НҰР-СУЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Теміржолда тағы бір апат болды – Нұр-Сұлтанда автобус тепловозбен соқтығысты.

Оқиғаның видеосы дүйсенбі күні Желіде жарияланды.

Astana LRT компаниясы оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.

«13 қыркүйек күні сағат 07:45-те Жетіген көшесінде № 53 бағыттағы автобус пен тепловоз жол апатына ұшырады», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ол жұмыстан шеттетіліп, Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығына қайта даярлауға жіберілді.

Автобуста жолаушылар болмаған.

Шамалғандағы трагедия 

Кеше, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19.08-де Алматы-Шамалған теміржол өткелінде «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен Қаскелеңге бара жатқан рейстік автобус соқтығысты. 

Соңғы мәлімет бойынша, бір адам – автобус жүргізушісі қаза болды, тағы үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр – ол 33 жастағы әйел мен екі баласы (үш және бес жасар). Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтты.

Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.



sputniknews.kz