Елордада алғаш рет Американдық заңгерлер қауымдастығы Орталық Азия халықаралық құқық мектебі «Jessup Summer School» өткізуде

0
94

Орталық Азияда алғаш рет USAID, Американдық заңгерлер қауымдастығы – The American Bar Associaon Rule of Law Iniave және Kinstellar заң фирмасының қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстандағы заң университеттер студенттері үшін «Jessup Summer School» халықаралық құқықтың жазғы мектебі өтуде.

«Биыл өңірдегі жоғары оқу орындарын көбірек тартып, жарыстың танымалдылығын арттыру үшін командаларға жазғы мектеп ұйымдастыру идеясы пайда болды. Бұл жалпы БҰҰ үлгісіне негізделген халықаралық жария құқық конкурсы. Командалар қыркүйекте жарияланатын ойдан құрастырылған іс негізінде БҰҰ Халықаралық Сотының алдында мемлекеттік талапкер және жауапкер тараптарын ұсынады. Байқауды ILSA – Халықаралық студенттер қауымдастығы ұйымдастырып жатыр. Көптеген елдерде халықаралық раундтарға White in Case заң фирмасы демеушілік етеді, ал ұлттық раундтарға кейде White in Case немесе жергілікті фирмалар қолдау көрсетеді. Ал аталмыш мектепті Kinstellar және USAID ұйымдарының Қазақстандағы кеңсесі демеушілік етуде. Осындай озық іс-шара КАЗГЮУ қабырғасында өтеді» — деп Jessup байқауының бұрынғы қатысушысы, Ұлттық әкімшісі Екатерина Ефимова айтты. Оның Ұлыбританиядағы, Еуропадағы және Америкадағы басқа ұлттық раундтарға және халықаралық турларға төрелік ету тәжірибесі бар оқытушы.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде Jessup халықаралық құқық байқауының ұлттық турлары қайта жалғасын тапты. Аталмыш байқау арқылы Вашингтондағы халықаралық турларға қатысатын университеттердің тізімі анықталады. Jessup – 100 ел мен юрисдикциядағы 700-ге жуық заң мектебінің өтініштері қамтылған әлемдегі ең ірі сот жарысы. Байқау – Біріккен Ұлттар Ұйымының сот органы мен Халықаралық Соттағы елдер арасындағы ойдан құрастырылған дауды модельдеу.

Жазғы мектептің негізгі мақсаттары – Орталық Азия елдерінің студенттерін Jessup атындағы халықаралық құқық бойынша конкурсқа қатысуға дайындау, университетаралық және студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде халықаралық жария құқықты кеңінен насихат ету.

Аталмыш жобаға 1-6 тамыз аралығында Ташкенттен халықаралық Вестминстер университеті, Ташкент мемлекеттік заң университеті, Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей университеті, Ала-Тоо халықаралық университеті (Бішкек), Орталық Азия Америка университеті, Тұран Алматы университеті, КИМЭП және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті қатысады.
2022 жылдың 6 тамызында БАҚ өкілдерін бірегей халықаралық жобаға қатысушыларға сертификаттарды салтанатты табыстау рәсіміне шақырамыз.

БАҚ өкілдеріне тіркелу үшін https://docs.google.com/forms/d/1nf0fsdtIxaroeHbK8AHbmg81UOascjlcdHq6N-YXtqs/edit