Елордада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

0

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Салтанатты шара аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр. 

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі.

Айта кетейік, аталған іс-шара демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада Қазақстан мәдениетінің апталығы өтіп жатқанын жазған едік.