Home Жаңалықтар Елорда тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан әйелі тонап кетті

Елорда тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан әйелі тонап кетті

0
339

Елорда полицейлері танысының 450 мың теңгесін қолды еткен әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, үйінде спиртті ішімдік ішіп отырған елорда тұрғыны әлеуметтік желіде танысқан әйелін қонаққа шақырған. Танысының масайып, ұйқыға кеткенін пайдаланған әйел оның мобильді банк қосымшасы арқылы өз есепшотына 450 мың теңге аударып, қымбат телефонын алып еткен.

Көп өтпей полиция күдікті әйелді ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған елорда тұрғыны болып шықты және өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп жазылған департаменттің дерегінде.

Еске салсақ, 23-29 тамыз аралығында елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткен болатын. Рейдтік іс-шара кезінде сақшылар 200-ден астам қылмысты ашып, іздеуде жүрген 26 адамды ұстаған.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 8 қару-жарақ алынды. 25 тамызда жедел-профилактикалық іс-шара барысында елорданың 26 жастағы тұрғынынан тінту кезінде тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскен азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан басқа, операция барысында 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 675 ұсақ бұзақылық фактісі, 1218 спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісі, 2735 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру фактілері бойынша жауапқа тартылды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Айтмағамбетов.