Елорда тұрғындарын арзан көліктерді «сатушы» 40 млн теңгеге алдады — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордалық полицейлер 40 млн теңгеден астам сомаға тоғыз алаяқтық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәлметінше, күдікті аукцион арқылы төмендетілген бағамен автокөліктерді ұсыну арқылы тоғыз азаматтың 40 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Есіл» ауданының полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

 

stan.kz