Елорда полициясы жылы аялдама есігін теуіп сындырған бұзақыны іздеуде

Елорда полициясы жылы аялдаманың шыны есігін аяғымен теуіп сындырған бұзақыны іздеп жатыр.
Жас жігіттің бір қызбен түнгі сағат 2-де аялдама отырғанын, есікті сындырғаннан кейін кетіп қалғанын бейнежазбадан көруге болады. Аялдама павильондарын күтіп ұстаумен айналысатын «vDS Kazakhstan» ЖШС-нен аталған нысанның осыдан бір айға жуық уақыт бұрын Байтұрсынов көшесінде орнатылғандығын айтты.
«Оқиға осы жылдың 2 қаңтарында болған. Жас жігіт есікті теуіп, шынысын сындырған. Шығын сомасы белгісіз. Жаңа үлгідегі аялдама осыдан бір ай бұрын пайдалануға берілген еді», — деді «vDS Kazakhstan» ЖШС-нің маманы Алексей Нижеик.
Ал қалалық полиция департаменті бұзақының кім әкендігі әлі анықталмағандығын хабарлады.
Дереккөз: ҚазАқпарат