Елорда полициясы 2022 жылғы қызық видеоларды бөлісті

0
192

Елорда полиция қызметкерлері 2022 жылғы қызық видеоларды іріктеп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары ауыр қылмыстардың мән-жайларын анықтап қана қоймай, күдіктілерді ұстауға да қатысады.

Қызық оқиғалардың видеосында тик-токерлер мен пранкерлер дебар. Жігіттер видео үшін көлік капотында трюк жасап, оны әлеуметтік желілерде бөліскен. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы бойынша жауапқа тартылды, ал «капоттағы жолаушыға» сот шешімі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес «ұсақ бұзақылық» бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, түнгі пранкерлер анықталған еді, олар түнгі сағат 02:38-де Қабанбай батыр даңғылы бойында Toyota маркалы автокөліктің жүксалғышына адамды тиеген сәті Астана ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Олардың айтуынша, олар достарын ойнап алдап, әлеуметтік желілер үшін пранк жасағысы келген. Құқықбұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жастардың мұндай әрекеттері қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.

Елорданың 22 жастағы мас тұрғынының ойланбай істеген сальтосы жол апатымен аяқталды. Жолдың қозғалыс қиылысында акробатикалық жаттығулар жасаған кезде, бұзақыны көлік қағып кетті. Әкімшілік бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың шешімімен тәртіп бұзушы 7 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Жүргізушілер арасында да көптеген қызық жағдай болып жатады. «102» нөміріне автоледи хабарласып, Сарайшық көшесіндегі көпірде Kia автокөлігінің жүргізушісімен жанжалдасып қалғанын айтқан. Жанжал қыз баланың Kia автокөлігінің жолын «кесіп өткеннен» кейін болған. Ер адам ханымға ашуланып, ауызша ұрыса бастаған және өзіне әдепсіз қимыл түрінде жауап алған. Қатты ашуланған ер адам автоледи көлігінің бүйір айнасын сындырған.

Ұрлықтың ерекше сәті де видеоға түсіп қалған. Ер адамның қошқарлардың етін екі қолтығына қысып алып қашып бара жатқаны көше камерасына түсіп қалған. 29 жастағы мал базарының бұрынғы қызметкері сағат 05:30 шамасында Алаш көшесіндегі «Мал базар» базарындағы қойма үй-жайына жасырын кіріп, бес қошқардың етін ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізілді.