Елорда күніне орай отшашу болмайды

0

Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорттық фестивальдерге дейін ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыттың, скверлердің, қоғамдық кеңістіктердің, 80-нен астам аула аумақтарының және т.б. ашылуы өтеді.

Сонымен қатар осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т.б. ұйымдастырады.