Елорда әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу салынды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/991/50/9915028.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/incidents/20191213/12294799/elorda-akmi-orynbasar.html
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілінің пікірінше, қылмыстық схема шетелдік компаниялардың көмегімен жұмыс істеген
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан астанасында жеңіл рельсті көлік құрылысын салу кезінде миллиардтаған қаржыны жымқыру тәсілін ұйымдастырушылардың бірі елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков болған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте ведомствоның екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.
«LRT құрылысы кезінде қаржыны жымқыру деректеріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып қалды. Тергеу барысында Астана әкімдігі, Астана LRT-ның лауазымды тұлғалары мен жеке компаниялар директорларының миллиардтарды ұрлау схемасына қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық схеманы елорда әкімінің орынбасары Сұлтанбеков пен Астана LRT басшысы Ардан қазақстандық және шетелдік компаниялардың көмегімен ұйымдастырған», — деді ол.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы бұл адамдар әкімдіктің басқарма басшылары Аманжолов пен Нұрпейісовтің қатысуымен 24 миллиард теңгеге шығындарды асыра көрсетіп, бекіткенін хабарлады. Бұл сомаға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңес беру қызметтерін ұсыну және техникалық қадағалау шығындары кірген.
Қазір Қанат Сұлтанбеков, компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен мердігер ұйымдардың жетекшілерінің бірі Дәурен Әбдіхамитов халықаралық іздеуде жүр.
sputniknews.kz