Елизавета II қайтыс болды

0

Елизавета II қайтыс болды деп хабарлайды The Guardian.
Ұлыбритания патшайымы 96 жасында қайтыс болды. Ол 71 жыл таққа отырды.

II Елизавета (ағылш. Elizabeth II), толық аты-жөні — Елизавета Александра Мария (ағылш. Elizabeth Alexandra Mary[1]21 сәуір 1926Лондон)[2] — 1952 жылдан бастап Ұлыбритания патшайымы.

II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды.

Ұлттар достастығының басшысы, сондай-ақ II Елизавета ханшайым Ұлыбритания патшалығынан бөлек АустралияАнтигуа және БарбудаБагам аралдарыБарбадосБелизГренадаКанадаЖаңа ЗеландияПапуа — Жаңа ГвинеяСент-Винсент және ГренадиндерСент-Китс және НевисСент-ЛюсияСоломон аралдарыТувалуЯмайка сияқты 15 мемлекеттің патшайымы болып саналады. Сонымен қатар, Англия шіркеуінің басшысы және Ұлыбританияның қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарады.

II Елизавета — жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы. Қазіргі таңда ханшайым британ тағында билік құру ұзақтығы бойынша рекордсмен[3][4], сондай-ақ дүние жүзі бойынша қазіргі таңда мемлекет басқарып отырғандардың ішінде ең ұзақ отырған екінші мемлекет басшысы (Тайланд королі Пхумипон Адульядеттен кейін). Сонымен қатар, қазір мемлекет басындағы барлық әйелдердің ішіндегі ең егде жастысы, ал Еуропадағы ең кәрі мемлекет басшысы.

2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.

Елизавета ханшайымның басқару кезеңінде британия монархиясы үшін көптеген тарихи оқиғалар орын алды: Британ империясының ыдырап, Ұлттар достастығының құрылғандығын айқындайтын — деколонизация үрдісі аяқталды.

Елизавета ханшайым британдық республикашылдардың сынынан бөлек, британдық БАҚ-тың, сондай-ақ қоғамның да сынына қалды. Дегенмен, II Елизавета британ монархиясының абыройын сақтап қалып, оның Ұлыбританиядағы әйгілігін әлі де түсірген емес.