Елімізге қай ел ең көп инвестиция құятыны анықталды
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында Қазақстанға 12,3 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің дерегі бойынша, 2005 жылдан 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейінгі кезеңде Қазақстанға 277 млрд доллар шетелдік инвестициялар тартылған. 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында 12,3 млрд. доллар шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 15,4%-ға артық» — делінген хабарламада.
ҚР ИДМ Инвестиция комитеті үздік 10 инвестор елдің тізімін жасады. Алғашқы үштікке Нидерланды, АҚШ және Швейцария кіріп отыр.
Сіздердің назарларыңызға барлық тізімді ұсынамыз:
- Нидерланды — 81,8 млрд доллар жалпы инвестиция ағынының 29,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 3,8 млрд доллар;
- АҚШ — 33,7 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 12,2%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта — 2,8 млрд доллар;
- Швейцария — 21,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 7,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта — 1,3 млрд доллар;
- Қытай — 16,4 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,9%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 776,3 млн доллар;
- Франция — 14,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 5,3%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 431,6 млн доллар;
- Ұлыбритания — 13,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,7%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 292,9 млн доллар;
- Ресей Федерациясы — 12,6 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 4,5%-н құрайды, биыл 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында — 821,0 млн доллар;
- Виргин аралдары — 10,1 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 1,6%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта 85,7 млн доллар;
- Бельгия — 7,0 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,5%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта — 797,5 млн доллар;
- Жапония — 5,9 млрд доллар, жалпы инвестиция ағынының 2,1%-н құрайды, биыл 1-ші жартыжылдықта — 187,5 млн доллар.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ