Еліміздің жеті өңірінде мүгедектік сырттай анықталатын болды

0
117
12 Желтоқсан 2018, 12:59 223 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және әлеіметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, мүгедектікті сырттай анықтау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыратын болды.

Жобаға қатысатын өңірлер ретінде Ақмола, Қарағанды, Қостанай ,Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Астана мен Алматы қалалары бекітілді.

«Алдымен жергілікті емханада емделуші туралы мәліметтер жинақталып, ол біздің министрлікке ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Мұндай көзқарас адам факторын жояды және жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Мүгедектікті анықтау бойынша барлық өтініштерді тәуелсіз сарапшылар қарастырады», – деді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Бүгінде мүгедектікті сырттай анықтауға 425 өтінім келіп түсті, олардың 405-і табысты түрде өңделді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ