Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2018 жылғы 22 желтоқсан 09:04 269

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сенбі, 22 желтоқсан күні метеорологиялық жағдай еліміздің төрт қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтөбеде ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі. Ал Қарағанды мен Балқаш қалаларында жағымсыз метеожағдайлар сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz