Еліміздің үш облысында өзен суларының деңгейі көтерілуі мүмкін

0

Табиғаттың мұндай құбылысына күн райының жылуы себеп болып отыр.

Синоптиктер Қазақстанның үш өңірінде өзен суларының көтерілу қауіпінің барын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«18-20 наурыз аралығында күн райының жылуына байланысты Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұздық қабаттар сөгіліп, өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 18 наурыз күні еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа-райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі. Республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейюі мүмкін екендігі де болжанып отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz