Еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланды

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

162 0 0

Алдағы күндері бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. «Қазгидромет» РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Синоптиктердің ақпаратынша, ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с дейін барады. 

Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз жел күшейеді. 

Сондай-ақ, 10 қаңтарда Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Актау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ал 10-12 қаңтар күндері Қызылорда облысының кейбір аймағында – тұман, көктайғақ.  10-11 қаңтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/