«Еліміздің қоғам белсенділері зорлық-зомбылыққа жақтас»: Журналист Козачков депутат Тұрлыхановтың ұлын қорғаған журналисті сынға алды

0

Журналист Михаил Козачков “Хабар” және “Қазақстан” арналарының бұрынғы журналисі Дина Елгезектің басы дауға қалған депутатты қорғағанын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дина Елгезек Facebook-парақшасында соңғы болып жатқан оқиғалар депутатты қаралау үшін жасалған тапсырыс деп мәлімдеді.

“Видеода қыздың өзі жігітке қайта-қайта ұрынып жүргені анық көрініп тұр. Шыдамы таусылған жігіт өзіне соқтығысқан қызды итеріп жібереді. Бұл бейнежазбаны ең бірінші Козачков каналы “Тұрлыхановтың екінші ұлы да қызды ұрды” деп сүйіншілей желіге таратады, оны бүкіл БАҚ жариялайды.

Тұрлыхановтың ұлына қатысты бейнежазбада жігітке қыздың өзі соқтығысқаны анықталса да, Козачков арнасы Тұрлыхановқа қатысты алты материал жариялап, арнайы әлеуметтік сауалнама жариялаған. Әлеуметтік сауалнама жүргізетіндей бұл мемлекеттік масштабтағы ірі оқиға ма еді? Бұл тапсырыс болған жағдайда, Козачков арнасының артында кімдер тұр? Депутатты қаралау кімге, не үшін қажет?”, – деп жазған Елгезек.

Әрі қарай ол Козачковтың сотты болғанын және оны біреулердің жалдауы мүмкін екенін жазған.

Мұндай пікірге Козачков наразылығын жеткізді. Оның айтуынша, елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы төзбеушілік жоқ және соның кесірінен әйелдер көп көз жұмады. Ол Елгезектің тақырыпты басқа арнаға бұрғанын айтты.

“Мына жерде Дина екі маңызды фактіні елемейді. Дәулет Болатұлының кіші ұлы Олег пен Анна Черновтарды ұрғаны үшін сотталуда. Тұрлыхановтың ұлы қызды ұрып-соғып жатқанда, адвокат әйелімен бірге жақтасқан еді. Енді жігіт сотталды.

Екінші факт – Тұрлыхановтың үлкен ұлына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар. Өткен жылы ол ер адамды, биыл әйелді ұрды. Екі рет татуласу арқылы жауапкершіліктен құтылып кетті.

Дина Тұрлыхановтың үшінші ұлы туралы жағдайды ғана жазады. Бейнежазбаны қарасам, жігіт қыздан бірдеңе тартып алғандай болды, ал қыз оны қайта алып алмақшы. Бұл, мүмкін, телефон”, – деп жазды Козачков.

Оның айтуынша, Тұрлыхановтар әулеті елдегі дертті өршіте түсті. Ал біздің қоғамда әрдайым зорлықшыларды қорғайтын адамдар табылады.

“Журналистер зорлық-зомбылықты жақтап тұрғаны өкінішті. Қоғамдық пікір туғызушылар зорлықшыларды ақтауға себеп іздей берсе, ер адамдар әйелдерді ұрып-соғып, өлтіре береді”, – деді ол.

Дина Елгезек бұған жауап берді.

“Таңғы 4-те не қылып жүрген қыз?! Және бейнежазбада қыз не себепті жігітке соқтығыса береді? Неге алдын кес-кестейді? Неге жүргізбейді? Неге ұрынады? Ол қыз нендей мақсатта түнделетіп жігітке соқтығысып жүр? Араларында не болды?”, – деп жазды Козачковқа.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қызға қол көтерген видеосы тарады. Шенеунік болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Содан соң Депутат Ардақ Назаров басы дауға қалған әріптесі Дәулет Тұрлыхановқа араша түсті.