Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

0
Қар аралас жаңбыр жауын қыс желтоқсан ауа райы құбылмалы
Фото: B-port.com

“Қазгидрометтің” хабарлауынша, 8 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, сонымен бірге кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жауын-шашын мол түседі, тек батыста күн ашық болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түседі, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарында күн тұманды болады, Түркістан облысында жел секундына 25 метрге дейін күшейеді, Алматы облысында Жаланашкөл көлі ауданында жел секундына 20-25 метрге дейін, түнде 30 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жауын-шашынның мол түсуіне байланысты 8-9 қаңтар күндері Түркістан облысындағы таулы аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz