Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері: Қазақстандықтарға халықаралық рейстерген арналған билеттерді сатып алуға кеңес бермеймін — Қазақстан жаңалықтары

0

Еліміздің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабұлов қазақстандықтарға ресми түрде шетелге бағытталған ұшақтардың іске қосылуы жарияланбай тұрып халықаралық рейстерге арналған билеттерді сатып алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

«Қазіргі таңда халықаралық рейстер әлі ашылмады, сол себепті шетелге шығатын ұшақтар жоқ», — деді Садуақас Байғабұлов. 

Бұған қоса ол қазақстандықтарды билет сатып алмай тұра тұруға шақырды. 

«Мәселен, біз Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскеменге бағытталған рейстерді бірте-бірте іске қостық. Көптеген әуе ұйымдары әуе қатынасына әлі рұқсат берілмеген қалаларға ұшақ билеттерін сатып жіберген. Осындай жағдай Шымкетте орын алды. Бір емес, бірнеше адам әуежайға келсе, ұшақтар жоқ, әуежай жабық. Олар ғимараттың алдына тұрып шу шығарды. Әуе компаниялары жоқ рейстерге билет сатқан. Сол себепті бұған ұқсас келеңсіз жайттарға тап болмас үшін халықаралық рейстерге арналған билеттерді сатып алмай, қоя тұрыңыздар», — деп қосты ол. 

Сөзінше, не билетсіз, не ақшасыз қалмас үшін шетелге шығатын ұшақтарға билет алмай қоя тұрған дұрыс.

«Қазіргі таңда халықаралық рейстердің билеттерін алуға кеңес бермеймін. Өйткені Қазақстан мен басқа елдердің арасында ұшатын әуе кемес жоқ. Жақын арада да халықаралық әуе қатынасы ашылмайды», — деді Байғабұлов. 

 

 

stan.kz