Еліміздің кей өңірінде ауа сапасы нашарлайды

0
98
23 Желтоқсан 2018, 10:18 311 0

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша 23 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының көпшілігінде метеорологиялық жағдай жайлы болады.

Синоптиктердің болжамынша, метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Көкшетау қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді. Сондай-ақ ауаны ластаушы заттардың шоғырлануы Қарағанды қаласында сақталады. Ал қалған қалаларда метеорологиялық жағдай жағымды болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ