Еліміздің ел болу шежіресі сан белестерден тұрады

0

Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді.

Осыған орай бүгін, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлескен Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Елі сүйген-елін сүйген Елбасы»- тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді.

Шараны СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Тілеуханов  салтанатты түрде ашып, қонақтарды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

— «1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін«-деп жылы лебізін білдірді.

Сқо

Тұңғыш Президент күні құрметіне сондай-ақ Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»-бағдарламасын іске асыру мақсатында, әскери қызметшілер мен қызметкерлердің балалары ұлттық өнерімізді дәріптеп, халқымыздың домбыра, жетіген сияқты аспаптарында сарқылмас байлығымызға айналған төл әндерді, күй-жырларымызды нақышына келтіріп, Құрманғазы бабамыздың, Қазанғаптың күйлері мен Мұқағали ағамыздың Отан туралы өлеңдері сахнада шырқалып,  көркемөнерлерін паш етті.  

Көрермендерге Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы, жас өспірім шағы, отбасы жағдайы және жеткен жетістіктерімен танысу үшін бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік,  өткізіліп жатқан іс-шара балаларды патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілеттерін ашады және де осындай ұжымдық іс-шаралар жеке құрамды біріктіреді.

«Қамшы» сілтейді