Еліміздің екі боксшысы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді
Қазақстан бокс құрамасында допинг дауы туып, екі үздік спортшы жарысқа қатысудан шеттетілді. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды шеттетілген спортшылар тізіміне қосты.
Құраманың 1 нөмірі Саматәлі Толтаев анаболикалық стероидты қолданғаны анықталса, Серік Абзал метастеронды қолданғаны белгілі болды.
Саматәлі Толтаев 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін, Серік Абзал 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін шеттетілді.