Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды




Фото: ашық дереккөзден
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде дауолды ескерту жариялады.
Сонымен, 23 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерде бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ал, Орал қаласында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, онтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі.
Бұдан басқа, Жамбыл облысының кей жерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ